Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Исламабадта Пәкістан Президентімен кездесті
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Исламабадта Пәкістан Президентімен кездесуінде Иранның Пәкістанмен ортақ қорғаныс саласы өнімдерін шығаруға ықылас танытатынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исламабадқа келген Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери дүйсенбі күні ел Президенті Мамнун Хусейнмен кезедсуінде: "Ортақ исламдық өнім ретінде Пәкістанмен ортақ қорғаныс өнімдерін шығаруға талпыныс жасаймыз",- деді.
Пәкістан Президенті Исламабад пен Теһранның әртүрлі салалардағы, соның ішінде қорғаныс пен қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықтарының кеңеюін қолдап: "Екі елдің қарым-қатынастарын тереңдету аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығының мүддесіне сай,- деді.
Мұхаммад Бақери сондай-ақ Пәкістанның Теңіз күштерінінің қолбасшысы адмирал Зафар Махмудпен кездесті. Бұл кездесуде Иран мен Пәкістанның теңіз ынтымақтастықтары мен екі елдің теңіз күштерінің жаттығуларын арттыру қуатталды.