Трамп Хельсинкидегі сөзінен кейін шегінді
АҚШ Президенті сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен Хельсинкиде өткізген ортақ баспасөз отырысындағы сөзінен кейін шегінді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп Ақ үйде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде АҚШ қауіпсіздік қоғамының АҚШ-тың 2016-шы жылғы сайлауына Ресейдің араласуын қабылдайтынын мойындап: "Ресейдің әрекеттері сайлау нәтижесіне әсерін тигізбеді. Мен Хельсинкидегі сөзімді қайта қарап, бір жерде бір сөзді дұрыс айтпағанымды түсіндім",- деді.
Трамп дүйсенбі күні Путинмен бірге өткізген баспасөз отырысында журналистердің Ресейдің АҚШ президенттік сайлауына араласуы туралы қойылған сұраққа: "Ресейдің АҚШ-тың 2016-шы жылғы сайлауына арласуына қатысты ешбір дәлел жоқ",- деп жауап берген болатын.
Трамптың бұл сөзі америкалық басшылар мен саясаткерлердің сынымен бетпе-бет келді.