Иранның пістесі – Американың Қытаймен сауда соғысының жеңімпазы
(last modified Wed, 18 Jul 2018 17:07:00 GMT )
Шіл 18, 2018 23:07 Asia/Almaty
  • Иранның пістесі – Американың Қытаймен сауда соғысының жеңімпазы

The Wall Street Journal газеті «Трамптың Қытаймен сауда соғысының арқасында Иран жақында Қытайдың табысты пісте нарығында Американың орнына ие болады» деп жазды.

The Wall Street Journal газеті америкалық пісте өндірушілерінің Трамптың Қытаймен сауда соғысын бастауының жалғасында ауыр шығын көретінін жазып: «Трамптың Қытаймен сауда соғысының арқасында және Калифорнияда су бағасының көтерілуіне байланысты америкалық пісте өндірушілер бұрын осы өнімді өсірудің жоғары құнына қарамастан оны экспорттаудан орасан пайда табатын.  Қазір олар толық банкрот қарсаңында тұр» деді. Америка президенті Дональд Трамптың Қытайдан болат пен алюминий импортына тарифтерді арттыру туралы шешімінен кейін Бейжің де қарымта әрекетте Америкадан пісте экспортының тарифін 5 пайыздан 45 пайызға арттырды. Америка пістесінің  шамамен 99 пайызы Калифорнияда өсіріледі. Қытай осы өнімге тарифті арттыру арқылы республикашылардың барлық сайлаулардағы ең осал тұсы саналатын аталмыш штатын нысанаға алды.  

Америка – қазіргі таңда әлемдегі ең үлкен пісте экспортері. Иран аз ғана қашықтықпен одан кейін екінші орында орналасқан.