Ресей елшісі: Иранның Сириядағы құзыры заңды
(last modified Thu, 19 Jul 2018 15:48:39 GMT )
Шіл 19, 2018 21:48 Asia/Almaty
  • Ресей елшісі: Иранның Сириядағы құзыры заңды

Теһрандағы Ресей елшісі: "Иранның Сириядағы құзыры заңды. Иран Дамасктің өтінішімен бұл елде құзыр тауып, лаңкестердің көзін жою әрекеттеріне қатысуда",- деді.

Ресейдің Теһрандағы елшісі Леван Джагарян Мәскеуде шығатын "Коммерсантъ" газетіне берген сұхбатта Мәскеудің Теһранға Сириядағы өзінің әскери бөлімшелерін шығару үшін қысым көрсетуіне қатысты: "Иран оған қысым көрсете алатындай ел емес. Теһранның өзіндік тәуелсіз сыртқы саясаты бар. Ирандықтармен жұмыс жасауға болады, бірақ оларға қысым жасау мүмкін емес",- деп мәлімдеді.

Теһрандағы Ресейдің елшісі алдағы қараша айынан кейін Ираннан мұнай сатып алуды жалғастыру мүмкіндігі жайлы: "Ресей АҚШ-тың біржақты санкцияларын қабылдамайды. Бұл санкциялар заңсыз. Себебі, Теһран "Ортақ қадам" аясындағы өз міндеттемелеріне табанды болды. АҚХА бұл мәселені бірнеше рет растаған болатын.

 

 

Тегтер