FBI басшысы Ресейдің Америкадағы ықпал ету операцияларының жалғасуы туралы уәж айтты
Американың Федералды полициясының басшысы Ресейдің Америкадағы ықпал ету операцияларының жалғасып жатқаны туралы уәж айтты.
FBI басшысы Christopher A. Wray NBC News хабар арнасына берген сұхбатта «Ресей 2016 жылғы президенттік сайлауға ғана араласушылық танытқан жоқ, сонымен қатар Америкада жік салу мен қайшылық тудыру жолындағы талпыныстарын жалғастыруда. Бірақ, сайлаудың инфрақұрылымдарын нысанаға алған ешбір әрекетті байқамадық» деген уәж айтты. Трамптың Ресейдің Америка президенттігі сайлауындағы араласушылығы турралы ұстанымдары республикашылдар мен демократтардың кең ауқымды сынымен бетпе-бет келді.
Трамп дүйсенбі күні Ресей президенті Путинмен өткізген ортақ хабар отырысында бұл елдің Американың президенттік сайлауындағы араласушылығы туралы сөзінде Ресей 2016 жылғы сайлауға араласты дейтіндей ешбір айғақтың жоқ екендігін айтқан болатын.
Америка президенті елінде наразылықтардың күшеюіне байланысты Ресейдің араласушылығы туралы өзінің сөзін өзгертті.