Лаврентьев: Иранға қарсы біржақты санкция жариялау – "Ортақ қадамға" қайшы
Ресей президентінің өкілі Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының орынбасарымен кездесуінде Иранға қарсы біржақты санкция жариялауды "Ортақ қадам" халықаралық келісіміне қайшы деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Александр Лаврентьев бейсенбі күні Саид Ирванимен кездесуінде: "Ресей президенті жуырда АҚШ президентімен өткізген сұхбатта АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қатысты әрекетінің сындарсыз әрі зиян екенін баса айтты",- деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының орынбасары Саид Ирвани: "Ресей президентінің АҚШ-тың міндеттемелерін орындамауға қатысты негізгі әрі кесімді ұстанымдары Ресейдің халықаралық ережелерге беріктігі мен саяси-қауіпсіздік саласындағы қиындықтарды шешу үшін диалог жүргізу принципін ұстанатынын көрсетті",- деді.
Ирвани сондай-ақ, Сириядағы соңғы өзгерістерге тоқталып: "Сионистік режимнің теріс рөлі Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастыққа әсер етпейді. Екі ел аталмыш коалиция шеңберінде Сирияның лаңкестікпен күрестегі қарулы күштерін нығайтуды жалғастыра береді",- деді.