АҚШ Ресей ұсынған Украинаның шығысында референдум өткізу туралы жобаға қарсы шықты
https://itolqyn.com/news/world-i38353-АҚШ_Ресей_ұсынған_Украинаның_шығысында_референдум_өткізу_туралы_жобаға_қарсы_шықты
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинаның шығысында референдум өткізу туралы жобасына қарсы шықты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 22, 2018 16:53 Asia/Almaty
  • АҚШ Ресей ұсынған Украинаның шығысында референдум өткізу туралы жобаға қарсы шықты

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинаның шығысында референдум өткізу туралы жобасына қарсы шықты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов осыдан бұрын АҚШ басшысы Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің  Хельсинкийде өткен жуырдағы отырыста Украинаның шығысында референдум өткізу ықтималы жайында пікір алмасқанын хабарлаған болатын.  

Украинаның шығысында қақтығыстар күшейгеннен кейін АҚШ пен Еуропа елдері Ресейді осы тынышсыздықтарды өршітіп отыр деп айыптады. Алайда Кремль бұл айыптарды теріске шығарды.