Иран Австриямен қарым-қатынасты кеңейтуді қолдайды
Шіл 22, 2018 21:06 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Иранның Австриямен қарым-қатынасын кеңейтуді қолдайтынын қуаттады.
Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда Австрия Парламентінің сыртқы саясат комиссиясының басшысы Андреас Шидермен кездесуінде екі елдің қарым-қатынастарын сындарлы деп бағалап: "Құдайға шүкір, өткен жылдары екі ел арасында жақсы қарым-қатынас орнатылды. Австрия Еуроодақтың ықпалды мемлекеттерінің бірі ретінде маңызды орынға ие. Еуропа ядролық мәселеге қатысты келісімді іске асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынуы керек",- деді.
Тегтер