Трамп Иран Президентінің сөзіне реакция білдірді
АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Иран Президенті Хасан Руханидің ескертулеріне реакция білдіріп, үлкен әріптермен "Ешқашан АҚШ-қа қоқан-лоққы жасамаңыз" деп жазды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Трамптың жазбалары Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің ядролық келіссөздерде айтқан сөздерінен көшірме болып табылады. Ол кезде Зариф "Ешқашан ирандыққа қоқан-лоққы жасамаңыз" деген болатын.
АҚШ Президенті Twitter-дегі жеке парақшасындағы жазбасының жалғасында Руханидің жексенбі күні кешке "Америкалықтар Иранмен соғысудың ауыр соғыс, бейбітшілік орнатудың нағыз бейбітшілік екенін білгені жөн" деп айтқан сөздеріне ашуланып, "Қоқан-лоққының көтеретін ел емеспіз" деп жазды.