Путин мен Назарбаев телефонмен сөйлесті
(last modified Tue, 24 Jul 2018 07:16:05 GMT )
Шіл 24, 2018 13:16 Asia/Almaty
  • Путин мен Назарбаев телефонмен сөйлесті

Ресей мен Қазақстан Президенттері Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының алдағы Ақтау саммиті туралы пікір алмасты.

Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия Экономикалық Одағындағы екі елдің қарым-қатынастарын дамытуға қатысты кейбір мәселелер мен Ақтауда өтетін Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының саммитті туралы сөйлесті.

Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының саммитті тамыздың 12 күні  Ақтау қаласында өтеді. Каспий теңізі жағалауындағы барлық мемлекеттер дипломатиялық каналдары арқылы саммитке қатысуға дайындықтарын жариялады.