Мәскеу: Американың Сирияда әрекеттерін жалғастыруы құқықтық негізден кенде
(last modified Wed, 25 Jul 2018 15:06:26 GMT )
Шіл 25, 2018 21:06 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Американың Сирияда әрекеттерін жалғастыруы құқықтық негізден кенде

Ресейдің Қорғаныс министрлігі америкалық күштердің Сирияда әскери операцияларын жалғастыру үшін ешқандай құқықтық негізге ие еместігін қуаттады.

«Спутник» хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресейдің Қорғаныс министрлігі сейсенбі күнгі мәдімдемесінде Америка Мәскеу және Дамскпен сириялық босқындарды елдеріне қайту туралы әрекеттестік жасаған жағдайда ғана Сирияда қала алады деген шарт қойды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі Америка Армиясы Орталық штабының Таяу Шығыстағы қолбасшысы Джозеф Уоттелдің Америка мен Ресейдің сириялық босқындардың елдеріне оралуына қатысты серіктестігін Мәскеудің Башар Асад үкіметіне қолдау көрсетуіне байланысты қабылдамайтыны туралы айтқан сөздеріне реакция ретінде жарияланды.