Американың әртүрлі аудандарындағы атыста 17 адам қайтыс болды
Шіл 26, 2018 23:04 Asia/Almaty
Америкадағы қарулы қатігездіктердің статистикасын тіркейтін орталық осы елдің әртүрлі аймақтарында атыс салдарынан 17 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Америкадағы қарулы қатігездіктердің статистикасын тіркейтін орталық бейсенбі күні әртүрлі штаттарда өткен 24 сағат ішінде 54 атыс оқиғасының орын адғанын, солардың салдарынан 17 адамның көз жұмып, 40 адамның жараланғанын хабарлады. Америкадағы қарулы қатігездіктердің статистикасын тіркейтін орталық сонымен қатар өткен 48 сағатта елдің әртүрлі аймақтарында 185 атыстың болғанын, соның салдарынан 47 адамның қаза тауып, 113 адамның жараланғанын мәлім етті. Америкада жылына мыңдаған адам атыс салдарынан өліп, жараланады.
Тегтер