Ресей: Иран – Сирияда жауапкершілікті сезінетін ойыншы
(last modified Fri, 27 Jul 2018 15:58:55 GMT )
Шіл 27, 2018 21:58 Asia/Almaty
  • Ресей: Иран – Сирияда жауапкершілікті сезінетін ойыншы

Ресей СІМ-нің ақпарат және басылымдар департаменті басшысының орынбасары бейсенбі күні ИИР-ның Сирияда жауапкершілікті сезінетін ойыншы екенін қуаттады.

Ресей СІМ-нің ақпарат және басылымдар департаменті басшысының орынбасары Артем Кожин сонымен қатар, шілденің 30-31 күндері Ресейдің Сочи қаласында Астана келіссөздерінің оныншы кезеңінің өтетініне тоқталып: "Бұл отырысқа Астана үдерісінің кепілгерлері Иран, Ресей мен Түркия Сыртқы істер министрлерінің орынбасарларымен қатар, сириялық тараптар мен БҰҰ-ның бақылаушылары да қатысады. Астана келіссөздерінің осы кезеңінде Сириядағы гуманитарлық жағдай мен Конституцияны дайындауға қатысты мәселелер талқыланып, пікір алмасу өтеді",-деді.

Астана келіссөздері 2017 жылдың қаңтар айында Иран, Ресей мен Түркияның әріптестігімен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында басталды. 

Тегтер