Армения Премьер-министрі Әзірбайжанмен соғысу ықтималын жоғары деп атады
(last modified Sun, 29 Jul 2018 08:13:48 GMT )
Шіл 29, 2018 14:13 Asia/Almaty
  • Армения Премьер-министрі Әзірбайжанмен соғысу ықтималын жоғары деп атады

Армения Премьер-министрі сенбі күні осы ел мен Әзірбайжан республикасы арасында соғыс болу ықтималын жоғары деп атап, Ресейден өз ықпалын пайдалану арқылы аймақта қақтығыстың туындауына кедергі жасауды сұрады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Никол Пашинян қазіргі таңда аймақ жағдайының алаңдатарлық екенін айтып, Әзірбайжан республикасының саясатын агрессивті сипатқа ие деп атады.

Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов осыдан бұрын Арменияға ескерту жасап, Қарабақ мәселесін тез арада шешуді сұрап: "Таулы Қарабақ қайшылығы шешілмеген жағдайда дұшпан Әзірбайжан республикасы халқының ерік-жігері мен отансүйгіштігін және ел армиясының күш-қуатын сезетін болады",-деп қуаттады.