Ормуз бұғазын жабу мұнайдың бір баррелінің бағасын 400 долларға жеткізеді
Ирактың мұнай саласының сарапшысы Хамза әл-Джавахери: "Аймақта пайда болған текетірестерге байланысты Ормуз бұғазы жабылатын болса, мұнайдың әрбір баррелі 400 долларға жетеді",-деген болжам жасады.
Ол сенбі күні Ирактың "әл-Малуме" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ормуз бұғазы жабылған жағдайда индустриялды елдердің көбі экономика тұрғысынан құлдырауға ұшырайды, өйткені өздерінің өнеркәсіп салалары үшін мұнайды қажет етеді. Сондықтан бұл бұғаздың жабылуы Үшінші Дүниежүзілік соғыстың басталуы дегенді білдіреді",-деді.
Өткен аптада ИИР Президенті Хасан Рухани АҚШ-тың Иран мұнайына санкция салу туралы қоқан-лоққыларына реакциясында Ақ үй басшыларына: "Теһран Вашингтонның қоқан-лоққыларына қарсы тұру үшін көптеген таңдау жолдарына ие. Солардың бірі – Ормуз бұғазын жабу",-деп мәлімдеген болатын.