Франция Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Джабери Ансаримен кездесті
ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі босқындардың қайтып оралуын жеңілдетуді, Конституцияға өзгерістер енгізу комитетінің жұмысын бастауды, тұтқынға алынғандар мен іс-түссіз жоғалғандармен алмасу комитетін іске қосуды Сирия үкіметінің маңызды саяси басымдықтары деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хосейн Джабер Ансари сенбі күні Франция Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Франсуа Сенемомен кездесуінде ИИР-ның Сирия дағдарысы басталысымен-ақ оның әскери жолмен шешілмейтіндігіне сенімді болғанын баса айтты.
Франсуа Сенемо да кездесуде Иранның аймақтағы ірі әрі алпауыт ел ретінде Сирияда тұрақтылық орнатып, дағдарыстың саяси жолмен шешілу үдерісінде маңызды рөл атқара алатынын қуаттады.