Ресейлік "Газпром" компаниясының Теһрандағы мәселесі шешілді
Шіл 30, 2018 14:51 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және Сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы жексенбі күні Ресейдің Ирандағы елшісімен жұма күні кездескеннен кейін ресейлік "Газпром" компаниясы қиындығының шешілгені туралы хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фалахатпише ресейлік "Газпром" компаниясының Иранда он миллиард доллар көлемінде инвестиция жасағанын айтып: "Егерде келісімге қатысты келіспеушіліктер шешілмегенде, "Газпромның" Теһрандағы кеңсесі жабылуы мүмкін еді. "Газпром" компаниясының Теһрандағы есепшоттары бұғатталған болатын. Алайда қазіргі таңда бұл мәселе шешілді",- деді.
Тегтер