Сочиде Сирияға тақырыбындағы Астана келіссөздерінің оныншы кезеңі басталды
(last modified Mon, 30 Jul 2018 17:23:25 GMT )
Шіл 30, 2018 23:23 Asia/Almaty
  • Сочиде Сирияға тақырыбындағы Астана келіссөздерінің оныншы кезеңі басталды

Дүйсенбі күні Қара теңіз жағалауында орналасқан Ресейдің Сочи қаласында Сирияға қатысты Астана келіссөздерінің оныншы кезеңі алдыңғы келіссөздер сияқты Сирия бейбітшілігін қолдаушы үш ел – Иран, Ресей мен Түркияның жетекшілігімен басталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, келіссөздер Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі өкілі Александр Лаврентьев пен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершининнің БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі Стефан де Мистурамен кездесуімен басталды. АҚШ бұл отырысқа қатысудан бас тартты.

Қазақстанның елордасы Астана осы уақытқа дейін Сирияға қатысты бірнеше отырыс өткізді. Келіссөздер барысында Сирияның бірлігі, біртұтастығы мен егемендігін сақтау, лаңкестікпен күресті жалғастыру, текетірес азайтылған аймақтарда атысты тоқтату бітімін нығайту және Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге берік болу қажеттігі қуатталды.  

Тегтер