ДАИШ Тәжікстанда болған лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды
(last modified Tue, 31 Jul 2018 08:08:31 GMT )
Шіл 31, 2018 14:08 Asia/Almaty
  • ДАИШ Тәжікстанда болған лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды

ДАИШ лаңкестік тобы дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде жексенбі күні Тәжікстанның оңтүстігінде 4 шетелдік туристің осы топ мүшелері тарапынан өлтірілгенін хабарлады.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Тәжікстанның Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода дүйсенбі күні туристердің алдымен көлікпен қағылып, артынан қарумен өлтірілгенін айтып, қаза болған туристердің екеуінің америкалық, қалған екеуінің Швейцария мен Нидерландының азаматтары болғанын айтты.

Тәжікстан полициясының айтуынша, қаруланған төрт содыр қауіпсіздік күштерімен қақтығыста өлтіріліп, бір адам қамауға алынды.

Тәжікстан басшылары, сондай-ақ, басқыншыларға сыбайлас болуы мүмкін деген күдікпен үш адамның қамауға алынғанын хабарлады.