Басқыншы елдер Йеменге гуманитарлық көмектердің кіргізілуіне кедергі келтіріп отыр
Йеменнің СІМ жексенбі күнгі мәлімдемесінде басқыншы елдердің Йеменге гуманитарлық көмектің кіргізілуіне кедергі келтіріп отырғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменнің СІМ-дегі бір хабардар қайраткер: "Саудиялық коалиция дос елдер мен гуманитарлық ұйымдардың кейбір делегацияларының Йеменге кіруіне кедергі келтіріп отыр",-деді.
Бұл йемендік қайраткер дос елдерді Йемен астанасы Санада дипломатиялық белсенділіктерін қайта бастап, шындықтармен жақыннан таныс болуға шақырды.
Сауд Арабиясы БАӘ, АҚШ пен басқа бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айында Йеменге әскери басқыншылық жасап, бұл елді құрлық, теңіз бен әуеден қоршауға алды. Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі соғысы 14 мың йемендіктің қаза болып, ондаған мың адамның жараланып, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына соқтырып, кедей Йемен елін азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығына ұшыратты.