Зарифтың азиялық сапарын сауда мүмкіндіктері мен экономикалық ынтымақтастықтар тұрғысынан сараптау
https://itolqyn.com/news/world-i38492-Зарифтың_азиялық_сапарын_сауда_мүмкіндіктері_мен_экономикалық_ынтымақтастықтар_тұрғысынан_сараптау
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Шри-Ланканың лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екіжақты қатынастарды кеңейту жолдары жайлы сұхбаттасу үшін сейсенбі күні осы елдің астанасы Коломбоға келіп жетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 01, 2018 16:55 Asia/Almaty
  • Зарифтың азиялық сапарын сауда мүмкіндіктері мен экономикалық ынтымақтастықтар тұрғысынан сараптау

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Шри-Ланканың лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екіжақты қатынастарды кеңейту жолдары жайлы сұхбаттасу үшін сейсенбі күні осы елдің астанасы Коломбоға келіп жетті.

Сингапурде өтіп жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Ассоциациясының (ASEAN) отырысына қатысу Зарифтың азиялық сапарының келесі бөлігі саналады.

Шығыс елдерімен байланысты жақсарту Иранның сыртқы саясатында әрдайым маңызды болғанына қарамастан, қазіргі таңда бұл сыртқы қарым-қатынастарда тепе-теңдік орнатудағы тиімді тәсіл ретінде бұдан да көбірек маңызға ие болды.

Зарифтың Азия елдеріне сапары АҚШ-тың сауда-саттық тетіктері мен санкцияны Иранмен стратегиялық сипатта саудаласу мақсатында құрал ретінде пайдалану үшін талпыныс жасап жатқан жағдайда жүзеге асып жатыр. Алайда Иран мен Азия елдері арасындағы өзара әрекеттестіктердегі мүдделердің екі жақтылығы АҚШ-тың Иранды оқшаулау жолындағы қиындықтардың бірі саналады.

Шығыс елдерінің Иранға көзқарасына стратегиялық сипат беретін маңызды элементтердің бірі энергетикалық тұрғыдан, әсіресе мұнаймен қамтамасыз ету болып табылады. «Жібек жолының экономикалық белбеуі» атты жобаны жетілдіру және Иранның аймақ саудасындағы маңызды буындарының бірі ретіндегі рөлі Чабахар айлағы мен Солтүстік-оңтүстік дәлізін дамыту арқылы Иран, ҚХР мен басқа Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың ең маңызды саласына айналған тағы бір құрамдас бөлік болып табылады.

Азиялық ірі елдер, атап айтқанда ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (ASEAN) секілді құрылымдар АҚШ-пен бағыттас болуды қаламайды. Мұндай көзқарас Иран мен Шығыс елдері арасындағы келісімдердің жүзеге асырылуын жылдамдатып, қос тарапты өзара интеграция мен ынтымақтастыққа жетелейді. Ортақ экономикалық мүдделер мен ASEAN елдерінің әлемдік экономикада алатын прогресшіл орны секілді факторлар маңызды мүмкіндіктер тудырды. Сондықтан оларды жақсылап пайдалану қажет.

Осы арада, Иранның Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің достық және ынтымақтастық жөніндегі келісіміне қосылуы ASEAN ұйымымен қарым-қатынастарды кеңейтуге бағытталған кіріспе ретінде бағаланып отыр. ASEAN қауымдастығы 625 миллионнан астам халқымен Азиядағы ірі әрі өркендеген экономикалық қауымдастықтардың бірі саналады. Бұл ұйым Оңтүстік-Шығыс Азияның стратегиялық және саяси-экономикалық тұрғылардан үлкен маңызға ие ең мықты мемлекеттерінен құрылған. Бұл қауымдастық экспорт үшін ауқымды нарық, шетелдік инвестицияларды тарту үшін аса маңызды ресурс саналады.

Шығыс Азия елдері жөніндегі сарапшы Фарзинианың пайымдауынша, Иран мәдени және экономикалық байланыстары мен саяси интеграциялар тұрғысынан бұл келісімде бір бөлек мемлекет ретінде танылғандықтан ұйыммен экономикалық, қауіпсіздік және саяси деңгейлерде әріптестік жасай алады.

Осы көзқарас тұрғысынан қазіргі таңда Шығыс елдеріне көзқараста жаңа кезең басталды деп айтуға болады.