Трамп тағы қиялға ерік берді
Там 01, 2018 20:12 Asia/Almaty
Америка президенті Дональд Трамп сейсенбі күні түнде ИИР-ның басшылары жақында оның үкіметімен келіссөз өткізуге келісетіні туралы уәж айтты.
Америка президенті бұдан бұрын да ИИР басшылары жаңа келісім жасау үшін онымен байланысқа шығады деп сан рет уәж айтқан болатын.
Трамп дүйсенбі күні де ИИР-мен ешқандай алғышартсыз келіссөз өткізуге әзірлігін мәлімдеді.
Америка президентінің ИИР-мен келіссөз өткізуге әзірлігі туралы демагогиясы ол мамыр айының сегізі күні Иранға қарсы негізсіз айыптарды қайталап, Вашингтонның «Ортақ қадам» келісімінен шығатынын, алдағы 3-6 айда ядролық сенкциялардың қайтарылатынын жариялаған жағдайда айтылып отыр.
Тегтер