Иран мен Францияның Сыртқы Істер Министрлері телефон арқылы сөйлесті
Там 02, 2018 21:58 Asia/Almaty
Франция СІМ Жан-Ив Ле Дриан бейсенбі күні Сингапурде іс-сапармен жүрген Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы байланыс орнатып, «Ортақ қадам» келісімі мен Иранның аталмыш келісімнен экономикалық мүдделерін пайдаланудың кейбір жолдары туралы сөйлесті.
Франция СІМ France Info-ға берген сұхбатта да «Ортақ қадам» туралы тоқталып: «Американың Иранның ядролық келісімінен шығуы бұл келісімнің жойылғанын білдірмейді. Оның жалғастығы және Теһранмен сауда байланыстары сақталу үшін жаңа механизмдер жолға қойылу керек» деді.
Тегтер