Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йемендегі тырысқақ індетінің жаңа толқынына қатысты ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i38533
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азық-түлік тапшлығына байланысты Йемендегі өлім-жітім санының артқанын мәлімдеп, Йеменнің тырысқақ індетінің қатерлі толқынына ұшырағанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 04, 2018 21:18 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йемендегі тырысқақ індетінің жаңа толқынына қатысты ескерту жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азық-түлік тапшлығына байланысты Йемендегі өлім-жітім санының артқанын мәлімдеп, Йеменнің тырысқақ індетінің қатерлі толқынына ұшырағанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдары мен бұл елдегі инфрақұрылымдарды, әсіресе сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын қиратуды жалғастыруына байланысты Йеменде тырысқақ ауруы жоғары жылдамдықпен таралуда.

Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменде жүргізіп жатқан соғысы қазірге дейін 14 000-нан астам йемендіктің қаза болып, он мыңдаған адамның жарақат алып, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына соқтырды.