Ресей Қазақстанға GPS-тің бәсекелесі ГЛОНАСС-ты қолдануға рұқсат берді
Ресей Қазақстанға АҚШ-тың GPS деп аталатын жаһандық навигациялық жүйесінің бәсекелесі «ГЛОНАСС» навигациялық жүйесінің әскери мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат берді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Қорғаныс және әуе-ғарыш өнеркәсібі министрлігінің әуе-ғарыш комитетінің бір басшысы РИА Новостиге берген сұхбатында: «Ресей Қазақстанға «ГЛОНАСС» навигациялық жүйесінің жоғары дәрежедегі белгілерін пайдалануға мүмкіндік берді. "ГЛОНАСС» навигациялық жүйесінің жоғары нақтылықпен түсірген суреттері әскери мақсаттарда, соның ішінде ауыр әскери техниканың орналасқан жері мен қолбасшылар штабын анықтауда пайдаланылады. Артиллерия мен зымырандық қорғаныс кешендері де осы белгілерді нақты нысанаға алу үшін қолдана алады»,-деп жазды.
Ресей осы уақытқа дейін Үндістан мен Алжирге ғана «ГЛОНАСС» навигациялық жүйесінің әскери мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат берген болатын.