Трамп: Руханимен кездесу Иранның шешіміне байланысты
https://itolqyn.com/news/world-i38537
АҚШ Президенті Иран туралы уәждерін қайталап, оның Иран Президенті Хасан Руханимен кездесуін қарсы тараптың қабылдайтын шешімімен байланыстырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 05, 2018 13:48 Asia/Almaty
  • Трамп: Руханимен кездесу Иранның шешіміне байланысты

АҚШ Президенті Иран туралы уәждерін қайталап, оның Иран Президенті Хасан Руханимен кездесуін қарсы тараптың қабылдайтын шешімімен байланыстырды.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter-дегі жазбасында: «Иранның оның экономикасы нашарлап барады. Менің кездесу, кездеспеуім маңызды емес. Бұл олардың шешімдеріне байланысты»-деген уәж айтты.

АҚШ Президентінің ИИР-мен келіссөз өткізуге әзірлігі туралы алдарқатқан сөздері 8 мамырда Иранға қарсы негізсіз айыптауларын қайталап, Вашингтонның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығатынын, 3-6 айдың ішінде ядролық санкциялардың қайта салынатынын жариялаған жағдайда айтылып отыр.

Трамптың бұл шарасы елінің іші мен халықаралық деңгейде ауқымды айыптауға ұшырады.