Адам құқығы мен адамның қадір-қасиеті ислам көзқарасы тұрғысынан
(last modified Sun, 05 Aug 2018 13:28:02 GMT )
Там 05, 2018 19:28 Asia/Almaty
  • Адам құқығы мен адамның қадір-қасиеті ислам көзқарасы тұрғысынан

5 тамыз (х.ш.ж.с.б. 14 мордад) ИИР күнтізбесінде Исламдық адам құқығы және адамның қадір-қасиеті күні аталған. Осыған орай Теһранда "Исламдық адам құқығы" атты халықаралық үшінші форум басталды.

Адам құқығы отаршыл елдер мен алпауыттардың тарих бойында әрдайым басқа елдерге үстемдік ету құралы ретінде пайдаланған тақырыптардың бірі болды. Осы теріс көзқарас пен ащы тәжірибеге байланысты Дүниежүзілік адам құқығы декларациясы ислам мемлекеттері мен ислам ойшылдары тарапынан қарсылыққа ұшырады. Бұған қарамастан ислам әлемінің кейбір ойшылдары дүниежүзілік декларацияда жарияланған принциптерді қабылдап, оларды исламның қағидаларымен сәйкестендіруді көздеп, бұл принциптер мен құқықтардың исламда толығырақ әрі жақсырақ келтірілгенін дәлелдеуге талпыныс жасады.  

Исламдық адам құқығы декларациясының ең құнды ерекшеліктерінің бірі дүниежүзілік декларацияда көңіл аударылмаған немесе үстірт меңзелген және Батыстағы саяси жағдайларға байланысты ұмыт қалдырған  жайттарға назар аударуы болды.

Мысалы, Исламдық адам құқығы декларациясы отарлау мен отаршылдықты толығымен теріске шығарып, барлық адамдардың онымен күресуге құқығы барын баса айтып, отарлаудың барлық түріне құлдықтың ең нашар түрі ретінде тікелей тыйым салған. Бұл мәселе Дүниежүзілік адам құқығы декларациясының 4-бабында да айтылған. Алайда бір айырмашылығы Исламдық адам құқығы декларациясында бұл тақырыпқа көбірек түсініктеме берілген.  Ислам тұрғысынан адам құқығына адами және илаһи тұрғыдан қарау мадақталатын ғана емес, таңғажайып іс болып табылады. 

Атақты ағылшын этнограф-тарихшысы Роберт Брифолт 8 ғасыр мен 12 ғасырдың аяғын ислам әлемінің жарқын, белсенді, қуатқа толы әрі жасампаз өркениет дәуірі деп атап, варварлыққа салынған Батыс әлемімен салыстырады.

Брифолттың пайымдауынша, "Барлық адам баласы үшін азаттықты армандау, адамдардың бауырластығы, кеңес пен қоғамдық дауысқа негізделген үкіметті аңсау Франция революциясына шабыт беріп, АҚШ-та адам құқығы декларациясы қабылданып, Конституцияның дайындалуына жол көрсеткен армандар және Латын Америкасы елдерінде тәуелсіздік жолында күрестердің басталуына түрткі болды. Бұл Батыстың бастамасы болған жоқ. Осы армандардың бастауы – Құран Кәрім. Бұлар Орта ғасырлардағы еуропалық ағартушылардың бірнеше ғасыр бойы әртүрлі желілер, соның ішінде Испания мен Сисиль мұсылмандары және крестшілер соғыстары арқылы исламнан алған армандар болып табылады".  

Бұл шындықтар Батыстағы көптеген халықтар надандық пен адасушылық зұлматына батып, Орта ғасыр дәуірін бастан өткеріп жатқан кезде исламның ұлы зерттеушілері мен ойшылдарының ғылым мен өнердің дамуына құнды үлес қосқанын көрсетеді. Мұсылмандардың ғылыми жаңалықтары мен бастамалары Еуропада Қайта өрлеу кезеңінің басталуын жеңілдеп, әртүрлі салаларда дамудың жарқын көкжиегінің пайда болуына септігін тигізді.