Қырым Ресейдің мәдени астанасы болады
https://itolqyn.com/news/world-i38547-Қырым_Ресейдің_мәдени_астанасы_болады
Ресей Үкіметі Қырымды елдің жаңа мәдени астанасына айналдырып, галерея мен мұражайлардағы алты өнер туындысын Қырымға көшіруді жоспарлап отыр.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Там 06, 2018 14:53 Asia/Almaty
  • Қырым Ресейдің мәдени астанасы болады

Ресей Үкіметі Қырымды елдің жаңа мәдени астанасына айналдырып, галерея мен мұражайлардағы алты өнер туындысын Қырымға көшіруді жоспарлап отыр.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл жобаның бастамашысы Ресей вице-премьер-министрі Ольга Голодец болған. Аталмыш жоба Қырымда опера театрын, театр, мұражай, кинотеатр мен өнер орталықтарын салуды қамтиды.

Ресейдің вице-премьер-министрі Қырымды Ресейдің мәдени астанасына айналдыру жобасының мақсатын осы аймақты туристік тұрғыдан гүлдендіру деп атап: "2018 жылдың мамыр айында Қырым түбегі көпірінің ашылуы мен Ресей тасымал желісі іске қосылған кезден бастап бұл жол бағытын 1,5 миллион турист пайдаланды»,-деді.