Қырым Ресейдің мәдени астанасы болады
Там 06, 2018 14:53 Asia/Almaty
Ресей Үкіметі Қырымды елдің жаңа мәдени астанасына айналдырып, галерея мен мұражайлардағы алты өнер туындысын Қырымға көшіруді жоспарлап отыр.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл жобаның бастамашысы Ресей вице-премьер-министрі Ольга Голодец болған. Аталмыш жоба Қырымда опера театрын, театр, мұражай, кинотеатр мен өнер орталықтарын салуды қамтиды.
Ресейдің вице-премьер-министрі Қырымды Ресейдің мәдени астанасына айналдыру жобасының мақсатын осы аймақты туристік тұрғыдан гүлдендіру деп атап: "2018 жылдың мамыр айында Қырым түбегі көпірінің ашылуы мен Ресей тасымал желісі іске қосылған кезден бастап бұл жол бағытын 1,5 миллион турист пайдаланды»,-деді.
Тегтер