Ресейдің Вашингтондағы елшілігі ресейлік дипломаттың шақыртылуына наразылық білдірді
Ресейдің Вашингтондағы елшілігі ресейліктердің бұл елде қайшылық тудырғаны туралы уәжбен Ресей елшісі орынбасарының АҚШ Мемлекеттік департаментіне шақыртылуына наразылық білдірді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі дүйсенбі күні Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Мәскеудің әлеуметтік желілерді АҚШ-та қайшылық тудыру мақсатында пайдаланды деген уәжбен Ресей елшісінің орынбасары Дмитрий Жирновты шақыртуына нарзылық білдіріп, Вашингтонның бұл әрекетін "жар салу дипломатиясы" деп атады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт сенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Вес Мичелдің Ресей елшісінің орынбасары Дмитрий Жирновты шақыртқанын мәлімдеген болатын.
Нойерт Ресейді АҚШ-тағы демократиялық үдерісті бұзуға талпыныс жасауда деп тағы айыптады.