Могеринидің кеңесшісі Қытайдың Ираннан мұнай импорттауды тоқтатуға қарсылық білдіргенін құптады
(last modified Mon, 06 Aug 2018 16:23:55 GMT )
Там 06, 2018 22:23 Asia/Almaty
  • Могеринидің кеңесшісі Қытайдың Ираннан мұнай импорттауды тоқтатуға қарсылық білдіргенін құптады

Еуроодақтың Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің арнайы кеңесшісі Натали Точи дүйсенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі хабарламасында АҚШ-тың Ираннан мұнай импорттауды тоқтатуды сұраған өтінішіне Қытайдың қарсылық білдіруін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жолындағы әсерлі қадам деп атады.

Bloomberg ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, екі америкалық басшы Қытайдың Ираннан мұнай сатып алуды тоқтатуға келіспегенін, бұл шешім Қытайдың АҚШ-тың Теһранды оқшаулауға бағыттаған талпыныстарын көзге ілмей отырғанына қатысты алаңдаушылықты күшейте түсетінін мәлімдеді.  

Қытай үкіметі әлем бойынша ең ірі мұнай сатып алушы әрі Иран мұнайын импорттайтын алғашқы ел ретінде бұдан бұрын Иранға қарсы біржақты санкцияларға қарсы екенін жариялаған болатын.