Трамптың ядролық санкцияларды қайтару туралы бұйрығы – қоқан-лоққыларын қайталау
Там 07, 2018 15:34 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Иранға қарсы ядролық санкцияларды қайтару туралы бұйрыққа қол қойды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ақ үй дүйсенбі күні осы елдің басшысы Дональд Трамптың санкцияларды орындау туралы мәлімдемесін жариялап: "7 тамыздан бастап Иранның көлік жасау өнеркәсібі, алтыны мен риалына қатысты санкциялар күшіне енеді. Банк пен мұнайға қатысты санкциялар 2018 жылдың 5 қарашасынан бастап іске қосылады",-деп хабарлады.
Трамп қарама-қайшы сөзінің жалғасында өз үкіметінің Иран халқымен жауластығы барысында салынған санкциялар мен басқа да көптеген шараларды санамалап, Иранмен келіссөз өткізіп, келісімге келуге әзірлігін мәлімдеді.
Тегтер