Ресей "Ортақ қадамға" берік болып қалады
Там 08, 2018 13:55 Asia/Almaty
Ресей СІМ сейсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын қайтаруына байланысты мәлімдеме жариялап: "Иранмен арадағы ядролық келісімнің беріктігі соншалықты, тараптарының қазіргі қиындықтар мен мәселелерді шешуге шамалары келеді",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ елінің "Ортақ қадам" келісіміне беріктігін тағы қуаттап: "Мәскеу "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап, оны жүзеге асыру үшін қажет барлық шараларды іске асырады.
"Ортақ қадамның" тиімді келісім екені дәлелденді. АҚХА-нің тексерістері де осы мәселені растап отыр",- деп мәлімдеді.
Тегтер