АҚШ қытайлық тауарларға 25 пайыздық тариф бекітті
(last modified Wed, 08 Aug 2018 08:22:07 GMT )
Там 08, 2018 14:22 Asia/Almaty
  • АҚШ қытайлық тауарларға 25 пайыздық тариф бекітті

АҚШ сәрсенбі күні таңертең құны 16 миллиард доларды құрайтын тағы басқа қытайлық тауарларға импорттық тариф туралы жоба бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Сауда агенттігінің мәлімдемесіне сәйкес, 25 пайыздық тарифке ілінген тауарлар саны артатын болады. АҚШ-тың Кеден және шекаралық қорғау басқармасы тамыздың жиырма үшінен бастап аталмыш тауарларға жаңа кедендік тарифтерді бекітеді.

Вашингтон бұл шарасын "ҚХР мен Ресейдің америкалық тауарларға деген зияткерлік меншігін ұрлау саласындағы әділетсіз тәсілдеріне және қытайлық компаниялардың америкалық технологияларды заңсыз түрде қолдануына қатысты АҚШ-тың жауабы" деп атады.

Трамп үкіметі өткен айда да құны 34 миллиард долларды құрайтын қытайлық тауарларға 25 пайыздық тариф бекіткен болатын. Бейжің де қарымта шара қолданып, дәл сол мөлшерде АҚШ-тан импортталатын тауарларға тариф бекітті.