Зариф Трамптың әлемдік бейбітшілікті қолдайтыны туралы уәжіне жауап қайтарды
https://itolqyn.com/news/world-i38582
АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың сегізі күні ресми түрде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, тамыздың жетісі күні Иранға қарсы біржақты санкцияларды күшіне енгізді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 08, 2018 14:33 Asia/Almaty
  • Зариф Трамптың әлемдік бейбітшілікті қолдайтыны туралы уәжіне жауап қайтарды

АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың сегізі күні ресми түрде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, тамыздың жетісі күні Иранға қарсы біржақты санкцияларды күшіне енгізді.

ИИР СІМ Зариф Трамптың «әлемде бейбітшілік орнату үшін Иранға қарсы санкция жариялағаны» туралы твитіне сілтеме жасап: "Бір соғысқұмар адамның "әлемдік бейбітшілік" үшін соғыс бастап жатқаны туралы уәж айтуы алғашқы рет емес",- деп жазды.

Әлемдік қоғамдық пікір АҚШ-тың дәл осы «бейбітсүйгіш» уәждерімен Вьетнамға соғыс ашып, алайда соғыстан жеңіліс тауып, басын салбыратып қайтқанын естен шығармаған болар. АҚШ дәл осы уәжбен Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына ядролық бомба қолданып, тура осы уәж арқылы Саддамды Иранмен соғыс бастауға ынталандырып, оған қолдау көрсетті. АҚШ Ирактың Иранға қарсы таңылған соғысы кезінде бейбітшілік орнатуға көмектесу сылтауымен, бірақ басқыншылыққа қолдау көрсету мақсатында "Винсенс" крейсерінен Иранның 290 жолаушысы бар ұшағына екі зымыран атып, оны Парсы шығанағындағы Иран суларында құлатқан болатын. АҚШ қазіргі таңда да Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдары мен Израильдің мазлұм Палестина халқына қарсы қылмыстарына қолдау көрсетіп, әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға талпыныс жасап жатқаны туралы уәж айтуда.

Бүгінгі таңда әлемнің АҚШ пен Трамптың саясаттарына қатысты көзқарасы жиіркеніш және алаңдаушылыққа толы. Швейцариялық Neue Zürcher Zeitung газеті Трамптың Теһранның алдында көрсетіп отырған ойынын қауіпті деп атап: "Мұндай саясаттардың аймақ үшін тигізетін салдарын болжау мүмкін емес",- деп жазды.

Трамп оның бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Болтон 2015 жылдың наурыз айында The New York Times газетінде Иранды бомбалауды сұраған жағдайда бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға талпыныс жасау жайлы уәж айтуда. Енді АҚШ Иранды әлеммен еркін сауда жасаудан мақұрым қалдырып, АҚШ долларына немесе алтын мен бағалы металдарға қол жеткізе алмауы үшін қажет жағдай қалыптастыруда.

90 күннен соң, яғни қараша айында Иранға қарсы басқа санкцияларды күшіне енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, АҚШ Иранға беріліп отырған халықаралық төлемдерді де тоқтатуды қалайды.

Бүгінгі таңда көптеген саяси сарапшылар Трамптың Иранға қатысты әрекетін сынауда. Нью-Йорктегі Колумбия университетінің профессоры Ричард Нефю АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа шараларын мағынасыз деп атады. Ол бұл мәселеге қатысты Иранның "Ортақ қадам" келісіміне берік екендігін айтып, аталмыш келісімді санкциялармен әлсіретудің АҚШ үшін мүлдем пайдасыздығын мәлімдеді.

Трамптың сөздері мен уәждерін ең айқын әрі ақылға қонымды түрде түсіндіру үшін Иран СІМ Зарифтің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап, әлемнің АҚШ-тың біржақтылығынан шаршап, дәрменсіз қалғанын айтқаны туралы шындықты айтуға болады.