Кремль: АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары халықаралық заңдарға қайшы
https://itolqyn.com/news/world-i38609-Кремль_АҚШ_тың_Ресейге_қарсы_жаңа_санкциялары_халықаралық_заңдарға_қайшы
Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларын заңсыз әрі халықаралық критерийлерге қайшы деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 10, 2018 17:54 Asia/Almaty
  • Кремль: АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары халықаралық заңдарға қайшы

Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларын заңсыз әрі халықаралық критерийлерге қайшы деп атады.

Дмитрий Песков "Ресей 24" телеарнасына берген сұхбатында: "АҚШ-тың жаңа санкцияларын Скрипаль ісімен байланыстыру мүлдем қабылдауға келмейтін жайт, өйткені Ресейдің Ұлыбританиядағы бұрынғы орыс тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына еш қатысы жоқ.

Мәскеу АҚШ-тың жаңа санкцияларына жауап ретінде шаралар жиынтығын дайындайды. Сөйтіп, бұл елдің пайдасыз санкцияларына тиісті жауап береді",-деп хабарлады.

РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова да Ресейдің АҚШ-тың жаңа санкцияларының мәні мен көлеміне көңіл аударатынын, соған сәйкес тиісті жауап дайындайтынын мәлімдеді.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті бейсенбі күні таңертең Ұлыбританияның Ресеймен жауласу саясатын қолдап: "Ресей Сергей Скрипальға қарсы жүйкеге әсер ететін газ пайдаланғандықтан АҚШ бұл елге қарсы санкция салады",-деген уәж айтты.