АҚХА Иран мұнайына салынатын санкцияға қатысты ескерту жасады
(last modified Sat, 11 Aug 2018 09:27:36 GMT )
Там 11, 2018 15:27 Asia/Almaty
  • АҚХА Иран мұнайына салынатын санкцияға қатысты ескерту жасады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) жұма күнгі өзінің жаңа есебінде АҚШ-тың Иран мұнайын сатуға қарсы санкция жариялау туралы шешімінің әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етіп, әлемдегі мұнай өндірісі қуатына қысым жасауы мүмкін екендігін айтты.

Осы есепке сәйкес, Иранға қарсы мұнай санкциялары жүзеге асырылатын болса, әлемдік шикі мұнай өндірісі мен ұсыну мәселесі көптеген қиындықтарға ұшырап, бұл жайт әлемдегі мұнай өндірісі қуатына қысым көрсетумен аяқталмақ.

Есептеулер негізінде мұнай өндірушілердің ешқайсысының өндіріс көлемін бірден жеткілікті деңгейге арттыруға шамасы келмейді. Сондықтан Иранның мұнай экспортын азайту әлемдік нарықты айтарлықтай есеңгірететін болады.

Сонымен қатар, АҚШ үкіметі басқа мемлекеттерді Ираннан импорттау әрекетін тоқтатуға көндіру ісінде сәтсіздікке ұшырайды.