Йеменнің Ансаролла қозғалысы БҰҰ-ның Сауд Арабиясының қылмыстарын тергеу туралы ұсынысын қолдады
(last modified Sat, 11 Aug 2018 09:43:28 GMT )
Там 11, 2018 15:43 Asia/Almaty

Йемен революциялық комитетінің төрағасы Мұхаммад Әли әл-Хуси Twitter әлуеметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Йемендік күштер саудиялықтардың жуырда Йеменде жасаған қылмыстарына тергеу жұмыстарын жүргізуде БҰҰ-мен әріптестік жасауға дайын",- деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен Жоғары революциялық комитеті мәлімдеме жариялап: "АҚШ-тың балаларды өлтіру қылмысын тергеу туралы өтініші бұл қылмысты жасырып, оның жауапкершілігінен қашу, АҚШ-қа қарсы халықаралық ашу-ызаны азайтуға бағытталған олақ талпыныс саналады",- деді.

Халықаралық Кешірім ұйымы да жұма күні жариялаған мәлімдемесінде Испаниядан Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды доғаруды сұрады.

Саудиялық қырғи ұшақтар тамыздың тоғызы күні Йеменнің Саада облысы Захиян қаласындағы оқушыларды тасымалдаушы автобусқа шабуыл жасап, соның салдарынан 55 адам қаза болып, 80-ге жуық адам жарақат алды.