Еуропа "Ортақ қадам" келісімі мен Иранмен сауда-саттықты жалғастыруды қолдап отыр
https://itolqyn.com/news/world-i38645-Еуропа_Ортақ_қадам_келісімі_мен_Иранмен_сауда_саттықты_жалғастыруды_қолдап_отыр
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Германияның Экономика министрі Петер Альтмайер Еуропаның АҚШ-тың Иранға қатысты қысымдарының алдында мойынсұнбайтынын мәлімдеп: "Еуропа Вашингтонға қандай елмен сауда-саттық жасау туралы нұсқау беруіне рұқсат бермейді. Сондықтан Еуропа Венада бекітілген ядролық келісімге берік болып қалады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 13, 2018 14:32 Asia/Almaty
  • Еуропа

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Германияның Экономика министрі Петер Альтмайер Еуропаның АҚШ-тың Иранға қатысты қысымдарының алдында мойынсұнбайтынын мәлімдеп: "Еуропа Вашингтонға қандай елмен сауда-саттық жасау туралы нұсқау беруіне рұқсат бермейді. Сондықтан Еуропа Венада бекітілген ядролық келісімге берік болып қалады.

Германия үкіметі еуропалық одақтастарымен бірге АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін де Иранмен қаржы алмасу мүмкіндігінің бар екендігіне кепілдік беретін жолдарды іздестіруде",- деді.

Альтмайер Трамптың еуропалық тауарларға кедендік тариф бекітуі туралы саясатын сынап, мұндай шаралардың даму және жұмыспен қамту үдерістерін жоятынын айтты.