Лавров: Ресей санкцияларға қарамастан АҚШ-пен отырыс өткізуге әзір
(last modified Mon, 13 Aug 2018 08:36:47 GMT )
Там 13, 2018 14:36 Asia/Almaty
  • Лавров: Ресей санкцияларға қарамастан АҚШ-пен отырыс өткізуге әзір

Ресей СІМ жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Мәскеудің тіпті Ресейге қарсы саяси бағдар ұстанып, дұшпандық қатынас танытып отырған елдердің өкілдерімен, соның ішінде АҚШтың өкілдерімен кездесу өткізуге дайын екендігін де мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сергей Лавров: "Мәскеу егер америкалық тарап та мүдделерді теңестіру, теңдік пен өзара ұстанымдарға көңіл бөлу негізінде әрекет етуге дайын болса, сыртқы саясат органдарының басшылары деңгейінде осы қатынастарды дамытуға дайын",- деп мәлімдеді.

АҚШ үкіметі бұрынғы ресейлік тыңшы Сергей Скрипальдың Ұлыбританияда наурыз айында орын алған улану оқиғасына байланысты тамыздың жиырма екісі күні Ресейге қарсы санкциялардың күшіне енетінін хабарлады.