Там 14, 2018 19:25 Asia/Almaty
  • Мәскеу АҚШ-тың

Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябков сейсенбі күні: "Мәскеу шын мәнінде АҚШ-тың "Ашық аспан" келісімі бойынша Ресеймен ынтымақтастығын тоқтатқанына өкініш білдіреді. Себебі, бұл әрекет халықаралық қарым-қатынастарды әшкере түрде бұзу болып табылады",- деді.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Ашық аспан" келісімі – мүше мемлекеттерге бір-бірінің әуе кеңістігінде тыңшылық және барлау ұшақтары арқылы ұшуға рұқсат беретін әлемнің 34 елі арасында қол қойылған құжат. Бұл келісім қол қойған мемлекеттер арасында олардың алаңдаушылығын тудыруы мүмкін барлық әскери әрекеттер мен шараларға қатысты өзара түсіністік пен сенім тудыру мақсатында құрылған. "Ашық аспан" келісімі әскери әрекеттерді барынша айқын етіп көрсетуге бағытталған ең ірі халықаралық талпыныстардың бірі болып табылады.

Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке  қол қойған АҚШ-тың қорғаныстық саласына бекітілген жаңа бюджет туралы заңға сәйкес, Вашингтонның "Ашық аспан" келісімі бойынша Мәскеумен ынтымақтастығының күші жойылады.

 

 

Тегтер