Newsweek басылымы Трамп билігі кезінде АҚШ-тағы өмір сүру шығындарының артқанын хабарлады
Америкалық Newsweek апталық басылымы Трамптың билік еткен кезеңінде АҚШ-тағы өмір сүру шығындары мен тұрғын үй бағасының айтарлықтай артқанын хабарлады.
Newsweek интернет сайтының хабарлауынша, АҚШ-тың Еңбек министрлігінің жаңа статистикалық мәліметтеріне сәйкес, бұл елдегі өмір сүру шығындары соңғы он жылдың ішінде қарқынмен өсіп жатыр. Бұл өсім тұрғын үй бағасы мен жалдау ақысын да қамтыған.
Осы мәліметке сәйкес, соңғы он екі айдың ішінде АҚШ-тағы жалақы мөлшерінің өзгермегеніне қарамастан, бұл елдегі тұрғын үй және емдеу қызметтерінің бағасы артқан.
АҚШ-тың экономика мамандарының пайымдауынша, тұрғын үйді жалға алу бағасының артуы экономикалық тәртіпсіздіктер мен бейберекеттіктер, әсіресе елде орын алған инфляциядан туындап отыр.
БҰҰ-ның баяндамашылары 2018 жылды жалпы зерттегеннен кейін АҚШ халқының ішінде 40 миллион адамның кедейшілік шегінен төмен жағдайда өмір сүріп жатқанын мәлімдеді.