Германиялық компания Иранда қалатынын мәлімдеді
Там 16, 2018 15:08 Asia/Almaty
Ирандағы қайта қалпына келетін қуат көздері саласына осы уақытқа дейін 27 млн доллар инвестиция салған германиялық "Дориан" компаниясының бас директоры: "Бір адамның жеке шешіміне қарсы тұру керек. Сол себепті бұл компания санкцияларға бола Ираннан кетпейді",-деп қуаттады.
Иран мен Германия ортақ сауда палатасының хабарлауы бойынша, "Дориан" компаниясының директоры Уве Кунле: "АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары шетелдік инвесторлар үшін түсініксіз жағдай тудырды. Иран қайта қалпына келетін қуат көздері саласында 2022 жылға дейін таза қуат көздерінен 5 ГВт электр тоғын алуды көздеп отыр.
Бұл компанияның АҚШ-та ешқандай нарығы жоқ. Сондықтан санкциялардан қорықпайды",-деді.
Тегтер