Германиялық компания Иранда қалатынын мәлімдеді
https://itolqyn.com/news/world-i38676-Германиялық_компания_Иранда_қалатынын_мәлімдеді
Ирандағы қайта қалпына келетін қуат көздері саласына осы уақытқа дейін 27 млн доллар инвестиция салған германиялық "Дориан" компаниясының бас директоры: "Бір адамның жеке шешіміне қарсы тұру керек. Сол себепті бұл компания санкцияларға бола Ираннан кетпейді",-деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 16, 2018 15:08 Asia/Almaty
  • Германиялық компания Иранда қалатынын мәлімдеді

Ирандағы қайта қалпына келетін қуат көздері саласына осы уақытқа дейін 27 млн доллар инвестиция салған германиялық "Дориан" компаниясының бас директоры: "Бір адамның жеке шешіміне қарсы тұру керек. Сол себепті бұл компания санкцияларға бола Ираннан кетпейді",-деп қуаттады.

Иран мен Германия ортақ сауда палатасының хабарлауы бойынша, "Дориан" компаниясының директоры Уве Кунле: "АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары  шетелдік инвесторлар үшін түсініксіз жағдай тудырды.  Иран қайта қалпына келетін қуат көздері саласында 2022 жылға дейін таза қуат көздерінен 5 ГВт электр тоғын алуды көздеп отыр.

Бұл компанияның АҚШ-та ешқандай нарығы жоқ. Сондықтан санкциялардан қорықпайды",-деді.