Enterprise: Ердоған тұрғанда ИСИМ жеңілмейді
Америкалық Enterprise орталығы Ердоғанның Түркияны дағдарысты елге айналдырғанын жазды.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Enterprise америкалық зерттеу институты Реджеп Тайып Ердоған билікте отырған кезде ИСИМ тәкфирлік-сионистік тобының жеңілуі мүмкін еместігін мәлімдеп: «Ердоған Түркияны Жерорта теңізі жағалауындағы дағдарысты елге айналдырды.
Мәселе тек Анкараның әлемнің жүздеген елінен жиналған қарулы күштердің Түркия жері арқылы Сирия мен Иракқа кіруіне рұқсат беруіне ғана байланысты емес, мәселе – Мосулде 24 дипломат пен жүк көлігі жүргізушісі ИСИМ тарапынан кепілдікке алынғаннан кейін де лаңкестіктің бар екеніне сенбей отырған Ердоғанда. Тіпті Ердоған тұтқындар босатылғаннан бұрын немесе одан кейін де кепілдікке алушыларды лаңкес деп атаудан бас тартты" деп қуаттады.
Осы америкалық институттың мәліметіне сәйкес, соңғы жылдарда Түркияның лаңкестікпен соғысты нығайтудың орнына оның жолында кедергі тудыруға талпыныс жасап жатқаны туралы ой туды.