Қытай мен Иран СІМ-лері телефон арқылы сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/world-i38695-Қытай_мен_Иран_СІМ_лері_телефон_арқылы_сұхбаттасты
ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И жұма күні кешке ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбатында өз елі үшін Иранмен қарым-қатынастың маңызды екенін баяндап: "Бейжің жуырдағы халықаралық өзгерістерді назарға алып, Теһранмен қарым-қатынастар деңгейін арттыруға шешім қабылдады",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 18, 2018 13:26 Asia/Almaty
  • Қытай мен Иран СІМ-лері телефон арқылы сұхбаттасты

ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И жұма күні кешке ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбатында өз елі үшін Иранмен қарым-қатынастың маңызды екенін баяндап: "Бейжің жуырдағы халықаралық өзгерістерді назарға алып, Теһранмен қарым-қатынастар деңгейін арттыруға шешім қабылдады",- деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ван И сондай-ақ, "Ортақ қадам" бағдарламасын көпжақтылық пен екі елдің ұлттық мүдделерін сақтауды қамтитын халықаралық маңызды жетістік деп атады.

Зариф телефон арқылы сұхбатта қытайлық тараппен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдараламасына қатысты соңғы өзгерістерді талқылап, ҚХР-ның оны сақтап қалудағы сындарлы рөлін баса айтты.