Қытай мен Иран СІМ-лері телефон арқылы сұхбаттасты
Там 18, 2018 13:26 Asia/Almaty
ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И жұма күні кешке ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбатында өз елі үшін Иранмен қарым-қатынастың маңызды екенін баяндап: "Бейжің жуырдағы халықаралық өзгерістерді назарға алып, Теһранмен қарым-қатынастар деңгейін арттыруға шешім қабылдады",- деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ван И сондай-ақ, "Ортақ қадам" бағдарламасын көпжақтылық пен екі елдің ұлттық мүдделерін сақтауды қамтитын халықаралық маңызды жетістік деп атады.
Зариф телефон арқылы сұхбатта қытайлық тараппен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдараламасына қатысты соңғы өзгерістерді талқылап, ҚХР-ның оны сақтап қалудағы сындарлы рөлін баса айтты.
Тегтер