АҚШ Түркияға қарсы жаңа санкциялар жөнінде қоқан-лоққы жасады
АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин Түркияға қарсы экономикалық соғыстың жалғасында бейсенбі күні: "Егер Түркияда абақтыға қамалған америкалық шіркеу қызметшісі Эндрю Бронсон азат етілмейтін болса, Анкара бұдан да көп экономикалық санкцияларға ұшырайды",- деп баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Эндрю Бронсон тыңшылық жасап, 2016 жылы тамыздың он бесі күні орын алған сәтсіз төңкеріске қатысы бар деген айыппен бұл елде үй қамауына алынған.
Қазіргі кезде Түркия президенті аппаратының баспасөз өкілі Ибраһим Калин Анкараның ешбір елмен экономикалық текетірес пен соғыс жүргізуді көздемейтінін айтып: "АҚШ-тың Түркияға қарсы жариялаған жуырдағы санкцияларына байланысты соңғы екі күннің ішінде қолданған шаралардың арқасында бұл елдің экономикасы жақсарып келе жатыр",- деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, Түркия Сауда министрі Рухсар Пеккан: "Анкара Дүниежүзілік сауда ұйымына Вашингтонның Түркияға қарсы экономикалық соғыс бастағанына наразылық білдіріп, оның үстінен шағым түсірді",- деп мәлімдеген болатын.