Путин: Иранмен жасалған ядролық келісім сақталуы керек
Там 19, 2018 14:29 Asia/Almaty
РФ Президенті Германия канцлері Ангела Меркельмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін қуаттады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин, сондай-ақ, Ресейдің Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыра беретінін айтып: "Барлығымыз сириялық босқындардың өз елдеріне қайтып оралуына талпыныс жасауымыз керек",-деді.
Меркель де "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.
Тегтер