Болтон Нетаньяхумен кездесті
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жексенбі күні Ақ үйдің Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонмен кездесуінде оны Израильдің теңдессіз досы деп атап, АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадамнан" шығуға және АҚШ елшілігін басып алынған Құдсқа көшіруге бағытталған шешімдерін тарихи шешімдер деп сипатттады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нетаньяху Болтонмен кездесу барысында айтқан сөзінде АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық қаруға қол жеткізбеуі үшін талпыныс жасайтыны туралы уәж айтты.
Болтон да кездесуде басып алынған Палестинаға сапармен барғанына ризалық білдіріп, Трамп үкіметінің бір жарым жылдық тәжірибесін алаңдатарлық, Иранның ядролық бағдарламасын Израиль мен аймақ және әлем үшін қиындық деп атады.